Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    Құрметті сайт қонақтары!

    Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Департаменттің негізгі міндеті – зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу.

    Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-пен бірлесіп республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асырады. Қаладағы медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл барысында Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиялары мүгедектік тобын белгілеп, азаматтар үшін қажетті оңалту шараларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, анықталған бұзушылықтар бойынша оларды қалпына келтіру мақсатында тиісті шаралар қабылдаймыз.

    Департаменттің басты міндеттерінің бірі – халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету. Бүгінгі таңда Департамент 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

    Біз тұрақты негізде Департамент қызметінің бағыттары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыретіміз шеңберінде қала тұрғындарымен кездесулер өткіземіз және азаматтарды жеке қабылдаймыз.

    Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету!

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растайтын құжаттарға: еңбек кітапшасы, бiлiмi туралы құжат (диплом), әскери билет, жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар бойынша балалардың туу туралы куәліктері мен балалардың жеке басын куәландыратын құжат және басқалары жатады.

    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері қандай параметерлер негізінде тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне ( зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, әйелдерге кемiнде 20 жыл еңбек өтілі ) және 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан алынған орташа айлық табысына байланысты болады. Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде азаматтарға олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.

    Сұрақ

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері дегеніміз не?

    Жауап

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін ақша төлемі.

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) немен реттеледі?

    Жауап

    МӘС өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» реттеледі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі; 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері; 3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері; 6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады. Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі). Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 60% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД - дан 100% аспайды (2023 жылғы ЕТКД - 40 567 теңге). Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2023 жылғы АЕК – 3 450 теңге). Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады. Қазіргі уақытта жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдеріне азаматтар сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде және жасына жеткенде – ерлердер 55 жасқа, әйелдер 53 жасқа толғанда құқылы.

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.

    Статистика

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша статистикалық көрсеткіштер

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары

    Жарияланды:
    Статистика

    Департамент қызметінің 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша статистикалық көрсеткіштері

    Департамент қызметінің 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша статистикалық көрсеткіштері Медициналық-әлеуметтік сараптама 1. Мүгедектік бойынша жалпы көрсеткіштер Куәландырылған адамдардың жалпы саны: 13 508 Алғаш рет куәландырылғандар: 2 850 — жалпы саннан үлесі: 21,0% Мүгедектігі бар адам деп танылғандар: 2 767 — танылғандардың үлесі: 97% Қарқынды көрсеткіш: 10 мың халыққа шаққанда 9,9 2. Алғаш рет мүгедектігі бар деп танылғандардың жас құрылымы — еңбекке қабілетті жастағылар: 1 272 адам (45,9%) — зейнеткерлік жастағылар: 745 адам (26,9%) — балалар: 750 адам (27,1%) 3. Бастапқы және қайта белгіленген мүгедектік Алғаш рет мүгедектігі бар деп танылғандар: 2 767 адам (20,4%) Қайта куәландырылғандар: 9 622 адам (71%) 4. Бастапқы мүгедектіктің құрылымы 4.1 Ересек тұрғындар Жалпы саны: 2 017 адам (72,8%) Негізгі 5 нозологиялық нысан: Қатерлі ісіктер – 855 адам (42,3%) Қан айналымы жүйесінің аурулары – 376 адам (18,6%) Психикалық бұзылыстар – 139 адам (6,8%) Несеп-жыныс жүйесінің аурулары – 116 адам (5,7%) Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары – 112 адам (5,5%) 4.2 Балалар Жалпы саны: 750 бала Негізгі 5 нозологиялық нысан: Психикалық бұзылыстар – 327 бала (43,6%) Туа біткен даму ақаулары – 119 бала (15,8%) Жүйке жүйесінің аурулары – 97 бала (12,9%) Эндокриндік аурулар – 67 бала (8,9%) Қатерлі ісіктер – 36 бала (4,8%) 5. Оңалту көрсеткіштері Толық оңалту: 11,1% Ішінара оңалту: 16,1% Жағдайының ауырлауы: 4,4% 6. Сырттай куәландыру Сырттай куәландыру саны: 6 701 Жалпы саннан үлесі: 49,6% Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1 Алматы қаласының халық саны 2 366 500 адам 1.2 Алматы қаласы бойынша республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алушылардың жалпы саны 670 533 адам Төлем түрлері бойынша алушылар саны: зейнетақы – 267 350 адам; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 39 639 адам; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 15 628 адам; №1 және №2 тізім бойынша төлем – 7 адам; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар – 23 196 адам; бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы – 16 015 адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші адамға күтім көрсету жөніндегі жәрдемақы – 13 440 адам; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім көрсету жөніндегі жәрдемақы – 3 407 адам; көпбалалы аналар – 6 954 адам; көпбалалы отбасылар – 40 069 адам. 1.3 Істерді қарау Департаментте барлығы 116 806 іс қаралды. Оның ішінде: жаңа тағайындаулар – 68 994; қайта қаралған істер – 45 031; бас тартулар – 2 781. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау 2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензия негізінде көрсететін 33 ұйым бар, оның ішінде: 17 коммуналдық мемлекеттік мекеме; 16 үкіметтік емес ұйым. Қызмет алушылардың жалпы саны – 6 463 адам. Ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай жағдайларда көрсетеді: жартылай стационарлық жағдайда – 18 ұйым, 1 452 адам; стационарлық жағдайда – 5 ұйым, 1 324 адам; уақытша болу жағдайында – 2 ұйым, 357 адам; үй жағдайында – 8 ұйым, 3 330 адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған объектілердің қолжетімділік картасы 1. Алматы қаласы бойынша Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы саны – 9 327 Қолжетімді – 6 569 объекті Оның ішінде: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 6 553; кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін – 6 546; есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 6 558; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 6 569. Ішінара қолжетімді – 2 781 объекті Оның ішінде: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 2 772; кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін – 2 781; есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 2 747; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 2 751. Қолжетімсіз – 16 объекті Оның ішінде: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 0; кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін – 0; есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 14; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 2. 2. Ұйымдар салалары бойынша қолжетімді объектілер денсаулық сақтау объектілері – 3 328; білім беру объектілері – 639; мәдениет объектілері – 158; сауда және қызмет көрсету объектілері – 4 598; мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 294; өзге де объектілер – 310. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 1. Оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтеріне мұқтаж адамдардың жалпы саны – 39 397 Оның ішінде түрлері бойынша: протездік-ортопедиялық көмек – 6 137; сурдологиялық көмек – 971; тифлотехникалық құралдар – 1 375; кресло-арбалар – 909; санаторийлік-курорттық емдеу – 12 420; жеке көмекші қызметі – 3 738; ымдау тілі маманының қызметі – 1 021; міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 12 826. 2. Оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз етілгендердің жалпы саны – 28 187 Оның ішінде түрлері бойынша: протездік-ортопедиялық көмек – 3 131; сурдологиялық көмек – 744; тифлотехникалық құралдар – 1 017; кресло-арбалар – 717; санаторийлік-курорттық емдеу – 6 290; жеке көмекші қызметі – 3 663; ымдау тілі маманының қызметі – 977; міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 11 648. Профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер шеңберінде тексеру іс-шараларын жүргізу 1. Тексерулердің жалпы саны – 55 Оның ішінде: профилактикалық бақылау – 15; жоспардан тыс тексерулер – 40; прокуратура органдарының талабы бойынша – 0. 2. Анықталған бұзушылықтардың жалпы саны – 135 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында – 98 Оның ішінде: меншік нысанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 89; мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 9. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында – 37 Оның ішінде: жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты – 0; стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты – 0; үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты – 37; уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты – 0. 3. Берілген нұсқамалардың жалпы саны – 40 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында – 32 Оның ішінде: мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 30; мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында – 8 Оның ішінде: жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты – 0; стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты – 0; үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты – 8; уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты – 0. 4. Әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында – 8 Оның ішінде: мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 8; мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты – 0. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында – 0.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлама

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес № 1зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 2026 жылғы 15-30 маусым аралығында жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    Жарияланды: