Сұрақтар мен жауаптар — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растайтын құжаттарға: еңбек кітапшасы, бiлiмi туралы құжат (диплом), әскери билет, жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар бойынша балалардың туу туралы куәліктері мен балалардың жеке басын куәландыратын құжат және басқалары жата...

    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері қандай параметерлер негізінде тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне (зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде...

    Сұрақ

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері дегеніміз не?

    Жауап

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2...

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) немен реттеледі?

    Жауап

    МӘС өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» реттеледі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлек...

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды...

    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек пе?

    Жауап

    Бiр жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

    Сұрақ

    Үшінші және төртінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері?

    Жауап

    Бала туғанда берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Бірінші, екінші, үшінші балаға жәрдемақы мөлшері – 38,0 айлық есептік көрсеткішті, төртінші және одан кейінгі б...

    Сұрақ

    Бала күтiмiне байланысты жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады ма немесе бала туған күннен бастап тағайындалады ма?

    Жауап

    Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап, ол бiр жарым жасқа толық толған күнге дейін тағайындалады. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс...

    Сұрақ

    Біз отбасымызбен Оралдан Алматы қаласына көштік, менің анам Оралда зейнетақы алып тұрды, тұрғылықты жері өзгерген кезде не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған зейнетақы алушылар зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Осыған орай, Сіздің анаңыз Алм...

    Сұрақ

    2023 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлікке шығамын. 2018 жылдан 2022 жыл аралығында жұмыс істедім, қазір ол ұйым таратылған. Осыған сәйкес табыс сомалары туралы 36 айға анықтаманы ұсына алмаймын, бұл жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жек...

    Сұрақ

    Мен екінші топ мүгедегі болып табыламын, мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын, менің жәрдемақымнан ақша ұстап қалуға құқығы бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 174 бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады. Мүгедектігі бар адамдарға мем...