2023 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлікке шығамын. 2018 жылдан 2022 жыл аралығында жұмыс істедім, қазір ол ұйым таратылған. Осыған сәйкес табыс сомалары туралы 36 айға анықтаманы ұсына алмаймын, бұл жағдайда не істеу керек?
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.