Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері дегеніміз не?

    ·
    Сұрақ

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері дегеніміз не?

    Жауап

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін ақша төлемі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растайтын құжаттарға: еңбек кітапшасы, бiлiмi туралы құжат (диплом), әскери билет, жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар бойынша балалардың туу туралы куәліктері мен балалардың жеке басын куәландыратын құжат және басқалары жата...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері қандай параметерлер негізінде тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне (зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде...

    ·
    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) немен реттеледі?

    Жауап

    МӘС өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» реттеледі.

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлек...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды...

    ·
    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек пе?

    Жауап

    Бiр жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

    ·
    Сұрақ

    Үшінші және төртінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері?

    Жауап

    Бала туғанда берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Бірінші, екінші, үшінші балаға жәрдемақы мөлшері – 38,0 айлық есептік көрсеткішті, төртінші және одан кейінгі б...

    ·
    Сұрақ

    Бала күтiмiне байланысты жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады ма немесе бала туған күннен бастап тағайындалады ма?

    Жауап

    Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап, ол бiр жарым жасқа толық толған күнге дейін тағайындалады. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс...

    ·