Үшінші және төртінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері?
Бала туғанда берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Бірінші, екінші, үшінші балаға жәрдемақы мөлшері – 38,0 айлық есептік көрсеткішті, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш құрайды (анықтама үшін:2023 жылғы АЕК - 3450 теңге).