Біз отбасымызбен Оралдан Алматы қаласына көштік, менің анам Оралда зейнетақы алып тұрды, тұрғылықты жері өзгерген кезде не істеу керек?
Қазақстан Республикасының ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған зейнетақы алушылар зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.
Осыған орай, Сіздің анаңыз Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінуі керек.