АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ НҰСҚАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ

    Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттарының бірі – тексерулер барысында анықталған заңнама бұзушылықтарының жойылуын бақылау.

    Тексеру нәтижесінде заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары бақылау субъектілеріне тиісті талаптар мен оларды орындау мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді.

    Нұсқамалардың орындалуы қалай бақыланады?

    Нұсқама берілгеннен кейін Департамент оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Осы жұмыс аясында:

    * нұсқамада көрсетілген талаптардың белгіленген мерзімде орындалуы;
    * бақылау субъектісі тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар;
    * бұзушылықтардың нақты жойылғанын растайтын құжаттар мен мәліметтер тексеріледі.

    Нұсқамада қамтылған әрбір талаптың нақты орындалуына ерекше назар аударылады.

    Нұсқама орындалмаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 259-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының нұсқамалары бақылау субъектілері үшін міндетті болып табылады.

    Заңды талаптар мен нұсқамаларды орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

    Осылайша, нұсқамалардың орындалуын бақылау анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюды, әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Заңнаманы сақтау және нұсқамаларды орындау – әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің міндетті шарты!

    #ӘлеуметтікҚорғау #МемлекеттікБақылау #Нұсқама #БұзушылықтардыЖою #Алматы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары