Болгария екі елдің дипломатиялық институттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

    1 / 2

    София, 2026 жылғы 14 қазан– Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Болгария Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық институттың директоры Таня Михайловамен кездесті.

    Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Болгарияның дипломатиялық институттары арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында сыртқы саясат саласындағы кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Тәжірибе алмасуға, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруға және екі елдің сыртқы істер ведомстволары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

    Осы орайда, Елші В. Темірбаев білім беру бағдарламалары, соның ішінде дипломатиялық кадрларды даярлау бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруды ұсынды.

    Өз кезегінде Т. Михайлова болгар тарапының академиялық ұтқырлық жобаларын дамытуға мүдделі екенін растады.

    Елші дипломатиялық корпусқа жаңадан келген қызметкерлерге арналған семинарларды ұйымдастырғаны үшін институт басшылығына алғыс айтып, олардың тиімділігін жоғары бағалады.

    Кездесу соңында тараптар талқыланған мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық институт Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    Құжат дипломатиялық кадрлардың тәжірибе алмасуы және біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының Елшілігі" жаңалықтары