ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3

    Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және улы газдан улану қаупін азайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт бақылау басқармасының басшысы Мейрамхан Кемелханов мәлімдеді.

    «2026 жылдың басынан бері облыста 309 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінімен салыстырғанда 18 пайызға аз. Дегенмен өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған. Өткен жылыту маусымында улы газдан уланудың 3 жағдайы тіркеліп, 6 адам көз жұмған, тағы 3 адам жарақат алған. Қауіптің алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 5 қазан аралығында облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі» айлығы ұйымдастырылды. Оның аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлері араланып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топқа жататын 26 644 адам есепке алынған. Тексеру кезінде электр жабдықтары мен пеш мұржаларына қатысты бірқатар кемшілік анықталды. Қазір оларды жою бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, облыста газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіздігін бақылау үшін әр ауданда газ техникалық инспекциялары құрылды. Бұл құрылымдарда 239 маман жұмыс істейді. Улы газдан уланудың алдын алу шаралары аясында 2026 жылдың басынан бері газ жүйесі бар 1 300-ге жуық жеке тұрғын үйге газосигнализатор орнатылды. Алдағы уақытта құрылғыларды әкімдік пен демеушілердің қолдауымен сатып алып, тұрғын үйлерге орнату жоспарланған» - деп баяндады спикер.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары