Түлкібас ауданы ТЖ бөлімінің мамандары үйлерді аралап, тұрғындарға газ датчиктерін орнатты, мұржаларды тазалап, жылыту пештерін қауіпсіз жағу ережелерін түсіндірді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін онкүндік акция аясында Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында газ сигнализаторлары орнатылды. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің мұржаларын тазалау жұмыстары жүргізіліп, жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Басты мақсат – өрттің және газдан улану оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету! Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









