Қоныс аударғаннан кейін отбасы жұмыс тауып, құжаттарын реттеп, тұрмысқа бейімделуі қажет. Қазақстан тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарға қолдау көрсетуді жалғастырып, олардың жаңа ортаға сәтті бейімделуіне бағытталған тетіктерді жетілдіріп келеді.
Өтініш берушілердің мүмкіндіктерін алдын ала бағалау үшін көші-қон әлеуетін бағалау жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде адамның білімі, мамандығы, тіл білу деңгейі, еңбек немесе оқу тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстанмен байланысы ескеріледі. Елге қоныс аударушы бағалау талаптарын білсе, алдын ала дайындалып, жұмысқа орналасу мен күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларға баса назар аудара алады.
Бағалау рәсімі migration.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Ол тілдік тестілеуді, сауалнама толтыруды, уәкілетті органдардың тексеруін және сұхбаттасуды қамтиды. Кезеңдердің бірқатарынан Қазақстанға келмей тұрып-ақ өтуге болады. Белгіленген критерийлер бойынша балл беріледі. Ал өтініш мақұлданбаған жағдайда бағалаудан қайта өту мүмкіндігі қарастырылған.
▶️ Бұл бейнероликте бағалау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, өтінішті қарау кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін және тарихи Отанына оралуды жоспарлаған азаматтар нені білуі керектігін айтып береміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









