Мүгедектігі бар адамдарды белсенді үлгідегі және электр жетегі бар кресло-арбалармен қамтамасыз етудің медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері
Белсенді үлгідегі әмбебап кресло-арба
КӨРСЕТІЛІМДЕРІ |
·Екі жоғарғы аяқ-қолының функциялары сақталған және өмірдің негізгі салаларында: білім алу, еңбек ету, демалу және бос уақытын өткізу кезінде (жасына және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес) «белсенді» өмір салтын ұстанатын жағдайда жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылыстарының болуы.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ |
·Отырған қалыпта патологиялық үдерістің үдеуіне әкелетін аурулар мен жарақаттардың салдары;
·Сана, бағдарлану, зияткерлік функциялар немесе уәждеме функциясының абсолютті бұзылыстарының болуы;
·Жоғарғы аяқ-қолдардың бұлшықет тонусы функциясының, отырған қалыптағы дене қалпын бақылау немесе тепе-теңдікті сақтау, ерікті және еріксіз қимыл-қозғалыс функцияларының абсолютті немесе ауыр бұзылыстары.
·Екі жақты протезделмейтін есту қабілетінің төмендеуі, саңыраулық, керең-мылқаулық;
·Көру ағзасы функциясының абсолютті бұзылыстары: түзетумен жалғыз немесе жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0-0,03 болуы және/немесе көру өрісінің концентрлік тарылуы 10 градусқа дейін болуы;
·Сананың бұзылуымен қатар жүретін эпилепсиялық (құрысу) ұстамалар.
Электр жетегі бар әмбебап кресло-арба
КӨРСЕТІЛІМДЕРІ |
·Аурулар, деформациялар, даму аномалиялары және жоғарғы аяқ-қолдардың парездері салдарынан жоғарғы аяқ-қолдар функцияларының айқын бұзылыстарымен қатар жүретін жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылыстарының болуы (иық және шынтақ буындарындағы белсенді қозғалыстар амплитудасы 13-20 градустан, білезік буынында – 9-4 градустан аспайды; бас бармақты қарсы қою шектелген (бас бармақ алақан бетіне екінші саусақтың негізі деңгейінде жетеді); жұдырықтап ұстау кезінде саусақтар алақанға 3-4 см жетпейді; ұсақ заттарды ұстау және ірі заттарды ұстап тұру мүмкін емес; жоғарғы аяқ-қол бұлшықет күші 2 баллға дейін қоса алғанда төмендеген).
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ |
·Отырған қалыпта патологиялық үдерістің үдеуіне әкелетін аурулар мен жарақаттардың салдары;
·Сана, бағдарлану, зияткерлік функциялар немесе уәждеме функциясының абсолютті бұзылыстарының болуы;
·Жоғарғы аяқ-қолдардың бұлшықет тонусы функциясының, отырған қалыптағы дене қалпын бақылау немесе тепе-теңдікті сақтау, ерікті және еріксіз қимыл-қозғалыс функцияларының абсолютті немесе ауыр бұзылыстары.
·Екі жақты протезделмейтін есту қабілетінің төмендеуі, саңыраулық, керең-мылқаулық;
·Көру ағзасы функциясының абсолютті бұзылыстары;
·Сананың бұзылуымен қатар жүретін эпилепсиялық (құрысу) ұстамалар;
·6 жасқа толмаған жас (биологиялық жасына сәйкес дағдылар мен іскерліктердің қалыптасуын ескере отырып).
·Қоғамдық пайдалануға арналған ғимараттардың дизайнына, жобалану сипатына, құрылысына және жайластырылуына байланысты абсолютті немесе ауыр кедергілер.
НОРМАТИВТІК НЕГІЗ |
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









