Халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыружәне азаматтардың төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі білім беру мекемелері мен азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда азаматтық қорғау саласы бойынша оқыту сабақтарын өткізуде.
Сабақтардың негізгі мақсаты – қатысушылардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын дамыту.
Оқыту барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-қимылдар, эвакуациялау тәртібі және алғашқы көмек көрсету мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, ұйым басшыларына азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірмелер берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







