Тұрмыстық газдың шығуы жойылды

    1 / 5

    Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері тұрғынға көмек көрсетті

    Әлеуметтік желіде өңірлік блогердің пәтерінде тұрмыстық газдың шығуы туралы жарияланымынан кейінТЖДқызметкерлері жағдайға жедел әрекет етті.

    Әйел газ баллонының ақауы салдарынан пәтерде газдың өткір иісі таралғанын хабарлаған. Көмек көрсету мақсатындаТЖДгазбен жабдықтау ұйымының авариялық қызметінің өкілдерін және тұрмыстық газ баллондарын жеткізумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді тартты.

    Бірлескен топ әйелдің тұрғылықты мекенжайына барып, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде газдың шығуы тоқтатылды.

    Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері жатақхананың өзге пәтерлерінің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану қағидалары мен жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндірді.

    Кейіннен әйел ТЖД қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары