Қауіпсіздік – жеке жауапкершіліктен басталады

    1 / 5

    Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған кездесу өтті. Департаменттің аумақтық бөлімшелері де кездесуге бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

    КеңестіАқмола облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов өткізді. Сонымен қатар, Ішкі қауіпсіздік тобының бас маманы, Көкшетау қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары және Полиция департаментінің өкілі сөз сөйлеп, заңнама талаптарын түсіндірді.

    Кеңесбарысында бұрын орын алған оқиғалардың себептері мен салдары талқыланып, жол берілген құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары жеткізілді. Қызметтік міндеттерді адал атқарудың, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметтік тәртіпті нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Жеке бөлім жол жүрісі қағидаларын сақтауға, шұғыл шақыртуларға шығу кезінде қызметтік автокөліктер мен арнайы өрт сөндіру техникасын басқару ерекшеліктеріне, сондай-ақ арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған жағдайда бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан қиылыстардан қауіпсіз өту тәртібіне, «Жол беріңіз» жол белгісінің талаптарын сақтауға және маневрлерді орындау алдында олардың қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттілігіне арналды.

    Кеңессоңында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Жеке құрамға қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, күнделікті өмірде де заңнама талаптарын, қызметтік тәртіп пен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары