Көміртек тотығы датчигін орнат – ата-анаңның қауіпсіздігін қорға!

    1 / 3

    «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясы аясында Ақмола облысында 900-ден астам көміртек тотығы датчигі орнатылды.

    Акция барысында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өз ата-аналары мен жақындарының үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударуда.

    Профилактикалық іс-шаралар барысында жылыту пештерінің жарамдылығы, мұржалардың жай-күйі және электр сымдарының қауіпсіздігі тексеріліп, жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріледі.

    Сонымен қатар, көміртек тотығының қауіпті концентрациясын дер кезінде анықтап, тұрғындарға улану қаупі туралы ескертуге мүмкіндік беретін автономды датчиктерді орнатуға ерекше көңіл бөлінеді.

    Бүгінгі таңда акция аясында Ақмола облысының аумағында 900-ден астам көміртек тотығы датчигі орнатылды.

    Акцияның басты мақсаты – профилактикалық жұмыстар жүргізумен қатар, әрбір азаматқа ата-анасының қауіпсіздігі мен өміріне қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары