«Терезені жабыңыз — баланың өмірін сақтаңыз!»: құтқарушылар профилактикалық акция өткізді

    1 / 6

    Ақмола облысының Бурабай ауданында балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрмыстағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында «Терезені жабыңыз — баланың өмірін сақтаңыз!» профилактикалық акциясы өткізілді.

    Іс-шараға Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, полицияның өкілдері және волонтерлер қатысты.

    Акция барысында қатысушыларға балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға бағытталған негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Терезелерге арнайы бекіткіштер орнату, балаларды қараусыз қалдырмау және тұрмыста қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Құтқарушылар ашық терезелердің кішкентай балалар үшін үлкен қауіп төндіретінін еске салды. Ересектердің бір сәттік назарсыздығы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

    Балалардың қауіпсіздігі — ата-аналар мен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

    Терезелерді жабыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары