Конференцияға қатысу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы (бұдан әрі – маман) Юлия Сергеевна Кирьянова АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша пәнаралық конференцияға қатысты. Аталған іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырды.
    Еске салайық!
    АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкелетін созылмалы жұқпалы ауру.
    Вирус қоршаған ортада өмір сүрмейді, ашық ауада бірнеше секунд ішінде өледі, бірақ қолданылған зарарсыздандырылмаған шприцтерде вирус иненің ішіндегі қан немесе басқа сұйықтық қалдықтары арқылы бірнеше күн бойы өміршең бола алады.
    Вирус берілмейді:
    * адамдар арасындағы тұрмыстық байланыстар кезінде, қол алысу және құшақтау арқылы. Зақымдалмаған тері ол үшін еңсерілмейтін кедергі болып табылады;
    * жуынатын бөлме мен дәретхананы ортақ пайдалану кезінде;
    * ас құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде;
    * ауа арқылы және жәндіктердің шағуы арқылы.
    Вирус АИТВ жұқтырған адамдардың дене сұйықтықтары, соның ішінде қан, тұқымдық сұйықтық және қынаптық бөлінділер арқылы, сондай-ақ жүктілік және босану кезінде нәрестеге берілуі мүмкін.
    Тиісінше, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары: жыныстық, парентералдық және тік (анадан балаға).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары