Бүгін Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, кәсіподақ төрайымы Сайран Мырзабекқызын құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Сайран Мырзабекқызы 2000 жылдан бері Департаментте абыройлы еңбек етіп келеді. Ал 2012 жылдан бастап кәсіподақ төрайымы ретінде қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ұжымның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға зор үлес қосты.
Көп жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Сайран Мырзабекқызына «Kazmed» кәсіподағының медалі табысталды.
Құрметті Сайран Мырзабекқызы!
Сізді зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Санитариялық-эпидемиологиялық саланың дамуына қосқан үлесіңіз бен адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілейміз! Зейнеткерлік өміріңіз қуанышқа, шаттыққа және жақындарыңыздың мейіріміне толы болсын!









