«Салауатты ұрпақ — есірткісіз ел!»

    «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Шал ақын ауданында Сергеевка қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушыларын біріктірген «Салауатты ұрпақ — есірткісіз ел!» атты интерактивті форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты — саналы таңдау жасауға және салауатты болашақты қалыптастыруға назар аудару.

    Қатысушылар алдында «Eko time» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Альжанов, «Мамлют жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шамиль Амиров және психолог Руслан Самаев сөз сөйледі. Олар нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

    Дәстүрлі дәрістердің орнына интерактивті ойындар, викторина және тақырыптық плакаттарды қорғау ұйымдастырылды. Топтық жұмыс, пікірталастар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы қатысушылар маңызды мәселелерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік алды.

    Салауатты болашақ әр адамның жеке таңдауынан басталады. Ықтимал қауіп-қатерлер туралы білу ғана емес, оларды ашық талқылау, жауапты шешімдер қабылдау және бір-біріне қолдау көрсету де маңызды.

    Ұйымдастырушы: «Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Шал ақын ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары