"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 11 қыркүйекте Шал ақын ауданында Отбасы күніне орай «Әке, ана, мен — спорттық отбасымыз!» атты аудандық спорттық отбасылық мерекелік эстафета өтті.
Жарысқа аудан мектептерінің отбасылық командалары қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, ұйымшылдығын және нағыз командалық рухын көрсетті!
1-орын — Шайкин атындағы мектеп-лицейінің отбасылық командасы
2-орын — Салықов атындағы орта мектептің отбасылық командасы
3-орын — Афанасьевка орта мектебінің отбасылық командасы
Барлық қатысушыларды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Сіздерге спорттық жеңістер, зор денсаулық, отбасылық бірлік және жаңа жетістіктер тілейміз!
https://youtube.com/shorts/IBUHooTmVy4?feature=share





