Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен мектепалды даярлық сыныптарының педагогтеріне арналған семинар

    2026 жылғы 29 қазанда Мерген негізгі орта мектебінің базасында мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында шығармашылық, танымдық және ұлттық-мәдени іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

    Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды өткізудің қызықты әдіс-тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар балалардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, достық қарым-қатынасын, үлкендерге құрметін, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған ойын технологияларымен және практикалық тапсырмалармен танысты.

    Семинар жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балалармен алдағы жұмыстарына жаңа идеялар алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары