Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингтік санатына енді

    1 / 2

    Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 193 мемлекеттен 24-орыннан 16-шы орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді.

    БҰҰ баяндамасында көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі ілгерілеудің бірі ретінде аталды. Қазақстан осындай деңгейге жеткен өңірдегі алғашқы ел болды.
    Ең жоғары рейтингтік санатқа электрондық үкіметі әлемнің барынша дамыған 21 мемлекеті кіреді. Қазір Қазақстан Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ-пен бір қатарда. 2026 жылы бұл санатқа алғаш рет бар болғаны үш ел: Қазақстан, Ирландия және Польша енді.

    Екі жыл ішінде Қазақстан индексі әлемдік орташа көрсеткіш 0,6675 болған жағдайда 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Ілгерілеу қарқыны бойынша Қазақстан елеулі қөрсеткіштерге жетіп, өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кетті. Сонымен қатар, біздің елеміз ТМД және Орталық Азия елдері арасында тағы да бірінші орынын сақтады.

    БҰҰ өзінің баяндамасында еліміздің біраз бағыттарындағы ілгерілеуін атап өтті: оның ішінде телекоммуникациялық инфрақұрылымының дамуы, интернеттің қолжетімділігі және мемлекеттік онлайн қызметтерінің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттығы. Қазақстандық eGov.kz және eGov Mobile экожүйелері ықпалдасқан цифрлық мемлекеттің үлгісі ретінде белгіленген.

    Аталған нәтижелер мемлекеттік басқарудың цифрландыру саласындағы ұстанымдарының нығаюын дәлелдеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары