ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы (Техас штаты) Бас консулдығы 2026 жылғы 20 қарашадан бастап консулдық қызметтер көрсетудің басталатынын хабарлайды.

    ҚР Хьюстон қ. Бас консулдығының консулдық округіне АҚШ-тың 11 штаты кіреді: Айова, Арканзас, Канзас, Колорадо, Луизиана, Миссисипи, Миссури, Небраска, Нью-Мексико, Оклахома және Техас.

    🔹ВИЗАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
    Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 16 жасқа толған және бұған дейін дактилоскопия (саусақ іздерін тапсыру) рәсімінен өтпеген шетел азаматтарына визаларды ресімдеу қызметі уақытша қолжетімсіз.
    Бас консулдыққа келер алдында өзекті ақпаратты алдын ала нақтылауыңызды сұраймыз.

    🔹АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
    Бас консулдық қызметінің бастапқы кезеңінде азаматтарды қабылдау алдын ала жазылусыз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

    🔹КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
    Консулдық алымдарды төмендегі тәсілдердің бірі арқылы төлеуге болады:

    1. Amegy Bank арқылы:
    * Алушының атауы (Beneficiary Account Name): CONSULATE GENERAL OF KAZAKHSTAN
    * Алушының шот нөмірі (Beneficiary Account Number): ХХХХХХ6308

    2. Money Order арқылы:
    * Алушы (Pay to the Order of) деген жерде келесіні көрсету қажет: CONSULATE GENERAL OF KAZAKHSTAN in Houston.

    Хьюстондағы Amegy Bank бөлімшелерінің тізімі мен консулдық алымдардың мөлшері Бас консулдықтың ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/org/mfa-houston

    🔹ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
    * Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі – жұма, сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
    * Дайын құжаттарды беру: сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
    * Сәрсенбі – азаматтарды қабылдамайтын күн.

    🔹БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
    📍 Мекенжайы: 5251 Westheimer Rd., Suite 1100, Houston, TX 77056
    ☎️ Телефон: +1 (832) 982-0082
    📧 Электрондық пошта: [email protected], [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары