Бразилиа, 2026 жылғы 19 қараша -Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің биылғы жылы аяқталып отырған дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай,Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк пен Бразилия Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамының қатысуымен ресми салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға шет мемлекеттер дипломатиялық миссияларының басшылары, Бразилияның экономикалық бірлестіктері мен қабылдаушы елдің қоғамдық-саяси топтарының өкілдері қатысты.
Сюзан Клибанк ресми рәсім барысында Елші Болат Нүсіповтің қызмет атқарған кезеңінде Қазақстан Елшілігінің қазақ-бразилия қатынастарын дамытуға қосқан жеке үлесін атап өтіп, оның екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған белсенді дипломатиялық қызметінің маңыздылығына тоқталды. Осы бағыттағықол жеткізілген нәтижелер ретінденақты іс-шаралар мен жобалар атап өтілді.
Бразилия тарапы Елші Болат Нүсіповке сындарлы ықпалдастығы, ынта-жігері, екіжақты күн тәртібін ілгерілету жолындағы белсенді жұмысы және Қазақстан мен Бразилия арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірді.
Тараптар, салтанатты рәсім қорытындысы бойынша екіжақты қатынастардың оң серпінін сақталуына және алдағы уақытта Қазақстан мен Бразилия арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









