Форталезақаласы, 2026 жылғы 12 қараша– ҚР-дың БразилиядағыТөтеншежәнеӨкілеттіЕлшісіБолатНүсіповБразилияныңсолтүстік-шығысындағыСеараштатынажұмыссапарыаясындаСеараштаттыңАуылшаруашылығыжәне мал шаруашылығыфедерациясы (FAEC)президентініңорынбасары СержиоОливейру да Силваменкездесті.
Сапар,Сеара штаты Үкіметімен«Бразилия–Қазақстан» сауда-өнеркәсіппалатасыныңшақыруыменұйымдастырылды.
Тараптар кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірісі мен мал шаруашылығын дамыту, тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін қоса алғанда, аграрлық сектордағы қазақстандық-бразилиялық байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.
Елші Б.Нүсіпов сұхбаттасушысын Президент Луланың сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті, экспорттық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясындағы Жолдауында айқындалған Қазақстан дамуының басым бағыттарымен таныстырды.
Бұл ретте, агроөнеркәсіптік кешенге заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Сонымен қатар, тірі мал мен құс етін жеткізу, сондай-ақ мал шаруашылығы саласындағы зертханалық зерттеулер бойынша ықпалдастық мүмкіндіктері қарастырылды.
Өз кезегінде С.Оливейру да Силва Қазақстан Елшісін Федерацияның қызметімен,Сеара штатындағы аграрлық өндірістің ерекшеліктерімен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің алдында тұрған негізгі міндеттермен таныстырды.
Бразилия тарапы екі елдің аграрлық өнімдерімен өзара сауданы дамыту мақсатында Қазақстанның өңірлерінің бірімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында тараптар ықпалдастық одан әрі дамытудың перспективаларына тап өтіп, Қазақстан мен Сеара штатының аграрлық салалары өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға уағдаласты.
Анықтама: Сеара штатының Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы федерациясы (FAEC) – Бразилияның Ұлттық ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы конфедерациясына (CNA) қарасты коммерциялық емес кәсіподақ ұйымы. Федерация 1951 жылғы 31 тамызда құрылған. Өз қызметі барысында FAEC штаттың аграрлық секторындағы негізгі институционалдық құрылымдардың біріне айналып, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен мал өсірушілердің мүдделерін білдіретін, сондай-ақ кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер мен салалық ұйымдар арасындағы ықпалдастық үйлестіретін жетекші ұйым ретінде қалыптасты. Аталған штат Бразилияның қазіргі Президентінің саяси және әлеуметтік-экономикалық саясатын қолдайтын негізгі өңірлердің бірі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









