Еліміздегі мектептерде Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін жаппай енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды.
Жаңа жүйе оқушылардың сабаққа қатысуын автоматты түрде есепке алуға және білім беру ұйымдарының қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыруға бағытталған.
-Білім беру ұйымдарында Face ID технологиясын пайдалана отырып, кіруді бақылау жүйелерін жаппай енгізу қажеттігі аталып өтті. Мұндай жүйелерді қолдану қауіпсіздікті күшейтіп, білім алушылардың қатысуын автоматтандыруға және аумаққа кіруді толық бақылауға мүмкіндік береді. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге білім беру саласын одан әрі цифрландыру, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді,-делінген ресми хабарламада.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









