Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева мен басқарманың жауапты қызметкерлері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында азаматтар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік, балалардың әлеуметтік қамтылуы және басқа да маңызды тақырыптар бойынша өтініштерін жеткізді. Көтерілген котеріліп отырған әрбір мәселе жіті қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты шешімдер қабылданды.
Азаматтардың назарына!Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды:
- Өтетін күні:Әр аптаның сәрсенбі күні
- Уақыты:Сағат 10:00-ден 12:00-ге аралығында
Ескерту:Жеке қабылдауға алдын ала жазылу қажет. Толық ақпарат пен жазылу үшін басқарманың ресми байланыс арналарына хабарласа аласыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









