Астана қаласында итальян жазушысы Карло Коллодидің әлемге әйгілі «Пиноккионың бастарынан кешкендері» ( «Приключения Пиноккио») шығармасының қазақ тіліндегі толық аудармасының тұсаукесері өтті. Кітап автордың туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында алғаш рет тікелей итальян түпнұсқасынан тәржімаланып отыр .
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Али, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу, Алматыдағы Итальян мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли, Карло Коллодидің 200 жылдығын мерекелеу жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Джордано Бруно Герри, сондай-ақ баспа қауымдастығының өкілдері, серіктестер мен оқырмандар қатысты.
Тұсаукесер барысында вице-министр Рустам Али Мемлекет басшысының «Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аткивті түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, балалар әдебиетін дамытуға, баспа ісін қолдауға және аударма қызметін кеңейтуге ерекше назар аударылуда. Осы ретте «Пиноккионың» қазақ тіліндегі толық басылымы өскелең ұрпақ арасында кітап оқуды насихаттауға және әлемдік әдебиеттің озық үлгілеріне қолжетімділікті арттыруға зор үлес қосады.
Айта кетейік, басылымды «Steppe & World Publishing» баспасы Италияның Қазақстандағы Елшілігі, Алматыдағы Итальян мәдениет институты және «ForteBank» қолдауымен дайындады. Аталмыш баспа 2018 жылдан бері балалар мен ересектерге арналған 200-ден астам кітап шығарып, қазақ тіліндегі аударма әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









