Белград, 2026 жылғы 12 қараша – Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресей және Еуразия департаменті директорының міндетін атқарушы Александр Цревармен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында бірлескен жобаларды іске асыру барысы мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылым, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ цифрландыру салаларын дамыту бойынша қойған міндеттерін іске асыру аясында ашылатын мүмкіндіктер атап өтілді, бұл орайда сербиялық тараптың осы салалардағы елеулі тәжірибесі мен әлеуеті ескерілді.
Ғылым мен білім саласындағы байланыстарды, сондай-ақ екі елдің шығармашылық және спорт ұжымдары арасындағы қарым-қатынасты жандандыру арқылы мәдени-гуманитарлық бағытта ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық жеке атап өтілді.
Әңгімелесушілер 2026–2027 жылдарға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі бойынша, оның ішінде Қазақстанның Белградтағы «ЭКСПО-2027» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы бойынша пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








