1 / 4
Департаментінің қызметтік жұмысын жетілдіру, қызметкерлердің күнделікті қызметі барысында ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында инспекторларға арналған бейнетіркегіштер сатып алынды.
Аталған құрылғылар инспекторларға қызметтік міндеттерін орындау барысында бейнежазба жүргізуге, өткізілетін іс-шаралардың барысын тіркеуге және ықтимал даулы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бейнежетондарды қолдану қызметтік тәртіпті нығайтуға, азаматтармен қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









