«Көмек қолы» акциясы: Теңге ауылында тұрғын үйге жаңа жылыту қазандығы мен газ датчигі орнатылды

    1 / 5

    Жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу мақсатында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Көмек қолы» акциясын жүзеге асыруда.

    Акция аясында Департамент қызметкерлері Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының әкімдігімен бірлесіп, жергілікті кәсіпкердің демеушілік қолдауының арқасында тұрғын үйлердің біріне жаңа жылыту қазандығын және улы газды анықтайтын арнайы датчик сатып алып, орнатты.

    Жаңа жылыту қазандығы тұрғын үйді қауіпсіз әрі тиімді жылытуға мүмкіндік береді. Ал газ датчигі ауадағы көміртек тотығының (иіс газының) мөлшері қауіпті деңгейге жеткен жағдайда дыбыстық белгі беріп, тұрғындарды дер кезінде ескертуге арналған.

    Мұндай шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, жылыту маусымында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

    «Көмек қолы» акциясы – мемлекеттік органдардың, жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының, жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары