Маңғыстау облысы ТЖД ұйымдастыруымен Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылындағы «Жаңаорпа-2» кен орнында орналасқан қиыршық тас өндіру карьерінде орын алып отырған мәселелер бойынша жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар өндірістік жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу және белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай кездесулер өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








