Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 9 айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

    1 / 6

    Жедел кеңеске Департаменттің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, азаматтық қорғау саласындағы негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

    Жиын барысында бөлімшелердің қызметтік көрсеткіштері қаралып, жұмыста орын алған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары