2026 жылдың 9 айында Медициналық бақылау комитеті медициналық көмек көрсету кезінде болуы мүмкін заңбұзушылықтар фактілері бойынша 51 тергеу жүргізді.
Оның 48-інің нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды.
Салыстыру үшін: 2025 жылдың осы кезеңінде жүргізілген 44 тергеудің 28-інде (64%) заңбұзушылықтар анықталған.
Осылайша, заңбұзушылықтар анықталған тергеулердің үлесі 30 пайыздық тармаққа артты.
Комитет азаматтардың өтініштерін объективті қарауға, медициналық көмектің сапасын бағалауға және пациенттердің құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады.
Жұмыс тек заңбұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың себептерін жоюға, қайталануына жол бермеуге және медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









