9 АЙДА 78 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындысын шығарды.

    Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық департаменттер заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдарды лицензиясынан айыру рәсімдерін сот тәртібімен бастады.

    Нәтижесінде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиялары кері қайтарылды.

    Бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуына және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Басты қағидат: медициналық көмек көрсету құқығы заңнама талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруі тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті" жаңалықтары