2026 жылдың 9 айында Медициналық бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттері 1 819 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша 1 090 әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды.
Сонымен қатар:
▪️ медициналық ұйымдардың 57 лицензиясының қолданысы тоқтатылды;
▪️ 44 медицина қызметкері медициналық қызметпен айналысудан шеттетілді.
Жоспардан тыс тексерулер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артты.
Бақылау іс-шаралары заңбұзушылықтарды анықтауға және жоюға, лицензиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Комитет мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нәтижелілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









