Іссапар барысында қалыптасқан жағдаймен, су өткізу құрылыстарының, гидрологиялық бекеттердің, бөгеттердің, арықтар мен су бұру арналарының жай-күйімен, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Кейбір учаскелерде еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арықтар мен су бұру жүйелері қоқыстан, лайдан және басқа да бөгде заттардан тазартылған.
Көктемгі су тасқынына уақтылы дайындық мәселесіне ерекше назар аударды. Барлық жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, су өткізу құрылыстарының, гидротехникалық нысандар мен бөгеттердің тиісті жай-күйін қамтамасыз ету, ықтимал проблемалық учаскелерді анықтап, су басу қаупінің алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау маңызды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала әрі кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






