Жоғары оқу орындарын GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен аяқтаған түлектердің назарына!
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарын GPA 3,33 тен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын аяқтаған түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей аудандық және ауылдық деңгейлердегі басшылық емес лауазымдарға қабылдану мүмкіндігі көзделген.
Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Eqyzmet.gov.kz» порталында «Түлектерге арналған бос орындар» арнайы бөлімі жұмыс істейді.
Толық ақпарат пен бос орындарды мына сілтеме арқылы көруге болады: Eqyzmet.gov.kz - Түлектерге арналған бос орындар
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







