2026 жылғы 3 қарашада Бақанас ауылында аудан әкімі Азат Үкітайұлы Құтпанбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті.
Жиынға ауданның мекеме басшылары мен қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан ақсақалдары, еңбек ардагерлері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен басымдықтарға тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, жастарға қолайлы жағдай жасау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабайұлы Сқабаев пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Жұмабайқызы Әліпбаева жарыссөзге шығып, Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру – мемлекеттік органдармен қатар, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді. Сондай-ақ Жолдаудың негізгі бағыттарын аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіру және белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытында бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






