1 / 2
Мемлекеттік қызметшілердің көкпар ойындарына қатысу кезінде қызметтік әдеп нормаларын және заңнамада белгіленген шектеулерді сақтауы туралы
2026 жылғы 27 қазанда Балқаш ауданы әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің көкпар ойындарына қатысу кезінде қызметтік әдеп нормаларын және заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау мәселелері бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға, ақшалай бәс тігуге жол бермеу, жұмыс уақытында қызметтік міндеттерді тиісінше орындау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





