Жоба
Балқаш ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Балқаш ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Балқаш ауданынында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыз. Заңнамамен жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттарға) қызмет түріне және салық салу объектісінің орналасқан жеріне байланысты салық мөлшерлемесін 50%-дан аспайтын шекте төмендеруге немесе арттыруға айырықша өкіллеттік берілген, осыған орай 25%(пайызға) дейін төмендетілсін.
- Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.







