Балқаш ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Кодекстің 50-бабына сәйкес, осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерлерде тегін беріледі: ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар; бағбандық, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар. Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін қайтадан тегін беруге жол берілмейді. Өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы телім) жүргізу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес осындай жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жүргізіледі. Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жерлер болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері көрсетілген мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде бірыңғай алап болып беріледі. Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Сұрақ

    Жер учаскесін қалай тегін алуға болады?

    Жауап

    Кодекстің 50-бабына сәйкес, осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерлерде тегін беріледі: ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар; бағбандық, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар. Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін қайтадан тегін беруге жол берілмейді. Өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы телім) жүргізу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес осындай жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жүргізіледі. Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жерлер болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері көрсетілген мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде бірыңғай алап болып беріледі. Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.

    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулысына сәйкес Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін. Осы қаулы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. Төраға Д. Садыкбаев Хатшы В. Мешитбаева Бақанас ауылы, 13 қазан 2026 жыл, №34

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығына ұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

    Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығынабірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме; 2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші; 3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер; 4) жеке куәлігінің көшірмесі; 5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға); 6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге); 7) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта. Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады. Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойыншаөзін-өзі ұсыну және кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) Осы сайлау округі бойынша кандидат ретінде сайлауға түсу ниеті туралы өтініш; 2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер; 3) жеке куәлігінің көшірмесі; 4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға); 5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге); 6) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта. Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

    Жарияланды:
    Анықтама

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Балқаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    Жарияланды:
    НҚА

    Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 3 ШЕШІМІ

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 3 ШЕШІМІ

    Жарияланды:
    Қаулы

    Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 «Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы