Қызметкерлер — Балқаш ауданының әкімдігі

    Балқаш ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Құтпанбетов Азат Үкітайұлы
    Әкім

    Құтпанбетов Азат Үкітайұлы

    Балқаш ауданының әкімі

    Құтпанбетов Азат Үкітайұлы-1976 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2023 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының әкімі.

    Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы
    Аппарат басшысы

    Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы

    Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл

    1999 жылы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік Талдықорған университетінің экономика және менеджмент мамандығын оқып бітірген.

    Сайлау
    Нурманов Данияр Болатұлы
    Әкімінің орынбасары

    Нурманов Данияр Болатұлы

    Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

    1983 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті халықаралық құқық мамандығын оқып бітірген.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміІшкі саясатМәдениет және тілдерді дамытуЖастар саясаты
    Кадир Асқар Кадирұлы
    Әкімінің орынбасары

    Кадир Асқар Кадирұлы

    Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян Кадір Асқар Кадірұлы – 1976 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтына түсіп, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің қаржы және несие мамандығын оқып аяқтаған.

    Кәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономикаАуыл шаруашылығыЖер қатынастары
    Алтынбаев Азамат Аскербекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Алтынбаев Азамат Аскербекұлы

    Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

    Алтынбаев Азамат Аскербекұлы 1987 жылы 24 наурызда Балқаш ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген. 2005-2009 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрылыс мамандығын оқып аяқтаған.

    ҚұрылысТұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын инспекциясыЖолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміАрхитектура и градостроительства

    Ауылдық округтер мен кенттер (проект)

    1
    Орынбаев Бекзат Мұхтарұлы
    Әкім

    Орынбаев Бекзат Мұхтарұлы

    Ақкөл ауылдық округі әкімінің

    Орынбаев Бекзат Мухтарович 1989 жылы Ақдала ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Ақдала орта мектебін бітірді. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «экология», Алматы қаласындағы «Қайнар» академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алып шықты. Еңбек жолы 2016 жылы Жиделі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен бастады. 2016 жылы 24 желтоқсанда Бақанас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды. 2020 жылдың 21 қыркүйегінде Бақанас ауылдық округінің әкімінің орынбасары лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды. 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Ақдала ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы болып жұмыс атқарды. 2022 жылдың 22 ақпанынан «Аманат» партиясы Балқаш аудандық филиалының эксперт маманы болып қызмет атқарып келеді. Жанұялы, 1 баланың әкесі.

    Бөлім

    15
    Абдиев Болат Джексенбаевич
    Бөлім басшысы

    Абдиев Болат Джексенбаевич

    Балқаш ауданының құрылыс бөлімінің басшысы

    Родился 2 мая 1977 года в селе Каракыстак Жамбылского района Алматинской области. В 1984–1994 годах окончил Октябрьскую среднюю школу. Образование — высшее. В 1995–2000 годах обучался в Казахская государственная архитектурно-строительная академия.

    Бұлыбаева Рая Ізбасарқызы
    Бөлім басшысы

    Бұлыбаева Рая Ізбасарқызы

    Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    1989 жылы кооператив техникумының өндірістік тауарлар саудасын ұйымдастыру және тауартану мамандығы бойынша бітірді 2007 -Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген

    Нарбаев Ғалым Рахымұлы
    Бөлім басшысы

    Нарбаев Ғалым Рахымұлы

    Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Нарбаев Галым Рахимович, 1973 жылдың 30 қарашасында Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында 1980 жылы Бақанас орта мектебіне барып, 1990 жылы В.И.Ленин атындағы мектепті бітірген.

    Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы
    Бөлім басшысы

    Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы

    Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы

    Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы 01.10.1983 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2005 жылы үздік дипломмен тәмәмдаған.

    Молдахан Абылайхан Бекзатұлы
    Бөлім басшысы

    Молдахан Абылайхан Бекзатұлы

    Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы

    Молдахан Абылайхан Бекзатұлы – 1998 жылы 5 ақпанда Алматы облысы, Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. 2015-2019 жылдар аралығында «Алматы» Университетінің Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығын оқып аяқтаған.

    Бекмаганбетов Олжас Саинұлы
    Бөлім басшысы

    Бекмаганбетов Олжас Саинұлы

    Заң бөлімі

    Мен Бекмаганбетов Олжас Саинұлы Еңбек жолымда 2005-2006 жылдар аралығында Алматы облысы Балқаш аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастадым. Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылы. 2006-2009 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аудандық сотының сот приставы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. 2009-2011 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аудандық сотының аға сот приставы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. 2011-2013 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аумақтық бөлімінің басшысы аға соторындаушысы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. 2013-2014 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аумақтық бөлімінің соторындаушы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. 2014-2020 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аумақтық бөлімінің басшысы аға соторындаушысы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. 2020-2022 жылдар аралығында, Алматы облысы Қапшағай ауданаралық аумақтық бөлімінің соторындаушысы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы, Қапшағай қаласында орналасқан. 20.07.2022-09.10.2022 жылдар аралығында, Жетісу облысы Текелі ауданаралық аумақтық бөлімінің соторындаушысы. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан. 11.10.2022-03.01.2023 жылдар аралығында, Алматы облысы Іле ауданаралық аумақтық бөлімінің соторындаушысы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Өтеген кентінде орналасқан. 16.01.2023-18.09.2023 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеумттік бағдарламалар бөлмінің бас маманы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында орналасқан. 20.09.2023-15.05.2023 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш ауданды «Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты » бас маманы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында орналасқан. 16.05.2023-30.05.2023 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жлдары және үй инспекциясы бөлімінің бас маманы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында орналасқан. 30.05.2023-24.09.2023 жылдар аралығында, Алматы облысы Балқаш аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы. Қызмет атқарған ұйым Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында орналасқан. 24.09.2024 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы. Қызмет атқарып жатқан ұйым Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында орналасқан.

    Нұрмұханбетов Нұрым Нұрмұханбетұлы
    Бөлім басшысы

    Нұрмұханбетов Нұрым Нұрмұханбетұлы

    Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі

    11.02.2014 31.12.2015 Консультант, «Казагромаркетинг» АҚ Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау 05.01.2016 08.05.2019 Маман, «Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі» ММ Персоналды басқару 05.08.2019 28.12.2021 Бас маман, «Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 28.12.2021 13.11.2025 Әкім орынбасары «Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ13.11.2025 Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

    Төлеубек Дархан Төлеубекұлы
    Бөлім басшысы

    Төлеубек Дархан Төлеубекұлы

    Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Төлеубек Дархан Төлеубекұлы - 8-тамыз 1978 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 1996-2001 жылдары аралығында Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін «Ғалым-агроном» және 2016-2018 жылдары аталған оқу орнын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Сейтқұл Мәди Сейтқұлұлы
    Бөлім басшысы

    Сейтқұл Мәди Сейтқұлұлы

    Балқаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

    Білімі жоғары. 2000 жылы - Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2008 жылы - Қазақ ұлттық аграрлық университетін полиграфия өндірісінің технологиясы жер ресурстарын басқару және үйлестіру мамандығын алып шыққан.

    Аманбай Эмиля Бауржанқызы
    Бөлім басшысы

    Аманбай Эмиля Бауржанқызы

    Балқаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі

    Аманбай Эмиля Бауыржанқызы Алматы қаласы 1995 жылғы 16 қазанда дүниеге келген.. Білімі - жоғары. 2014 жыл - Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледж 2019 жыл - Әлемдік экономика және қаржы институты 2018 жыл - "Тұран" университеті , Құқықтану, заңгер, Экономика бакалавры, экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Персоналды басқару (кадр)
    Шайбаев Дәулет Әбілқадірұлы
    Бөлім басшысы

    Шайбаев Дәулет Әбілқадірұлы

    «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

    Шайбаев Дәулет Әбілқадірұлы 1987 жылдың 28 сәуірінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүниеге келдім. 2004 жылы Ақдала орта мектепті бітіргем. 2008 жылы Алматы заң колледжін, 2013 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтадым.

    Мәдениет және тілдерді дамытуСпорт және Туризм
    Қашқынбаев Азат Алмабекұлы
    Бөлім басшысы

    Қашқынбаев Азат Алмабекұлы

    Балқаш ауданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

    Төлепберген Қуаныш Шұғайұлы 1994 жылы 29-сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келдім. 200 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылындағы Үлгілі орта мектебіне 1-сыныпқа бардым. 2007 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы гимназия мектебіне 7 сыныпқа бардым. 2010 жылы 10 сыныпты аяқтап, Алматы қаласындағы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне түстім. 2014 жылы оқуды бітіріп, әскерге кеттім, 2015 жылы әскерден келдім.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын инспекциясы
    Жинақбаева Қарлыға Избасарқызы
    Бөлім басшысы

    Жинақбаева Қарлыға Избасарқызы

    Балқаш ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

    Жинақбаева Қарлыға Избасарқызы - 1966 жылы 17 тамызда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көктал ауылында дүниеге келгем. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктерге тартылмаған. Азаматтығы өзгермеген. Жинақбаева Қарлыға Избасарқызы -1983 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтына түсіп, 1988 жылы бітірді.

    Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

    Басқа қызметкерлер

    17
    Аятбеков Нурлан Абжапарович
    Әкім

    Аятбеков Нурлан Абжапарович

    Миялы ауылдық округі әкімі

    Мен, Аятбеков Нурлан Абжапарович Миялы ауылы, Балқаш ауданы,Алматы облысы 23 маусым 1967 жылы дүниеге келгем. Ұлтым қазақ .

    Сүндетбаев Дархан Курмангалиевич
    Әкім

    Сүндетбаев Дархан Курмангалиевич

    Береке ауылдық округі әкімі

    Сүндетбаев Дархан Курмангалиевич 1990 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданы Бура ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ветеринариялық медицина мамандығын оқып бітірген.

    Алтынбай Самат Алтынбай
    Әкім

    Алтынбай Самат Алтынбай

    Бірлік ауылдық округі әкімі

    Мен Алтынбай Самат Алтынбайұлы, 1985 жылы 18 қазанда Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2008 жылы Жаппаров жеке кәсіпкерлігінде және «MAG» акционерлік қоғамында электромонтаждаушы қызметін атқарудан бастаған. 2009 жылы Агрофирма «Бірлік» ЖШС- де электрик, 2015-2016 жылдары «Транспортная карта» ЖШС-де мобильдік монтаждау маманы.2016 – 2017 жылдары Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы. 2017 – 2018 жылдары Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.2018 – 2020 жылдары Агрофирма «Бірлік» ЖШС - де басқару аппаратында компьютер маманы.2020-2022 жылдары Агрофирма «Бірлік» ЖШС- де бас экономист,2022 жылдан 2024 жылдың 01мамырына дейін Агрофирма «Бірлік» ЖШС-і директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген. Қызмет атқарып отырған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылында орналасқан; Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 04 маусымдағы № 20 қаулысына сәйкес Бірлік ауылдық округі әкімі болып тіркелді және қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда қызмет етіп келемін. Қызмет атқарып отырған ұйым Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылында орналасқан

    Байғуатова Эльмира Төлендіқызы
    Әкім

    Байғуатова Эльмира Төлендіқызы

    Бақанас ауылдық округының әкімі

    Білімі жоғары. 1994 жылы № 1 Бақанас орта мектебін бітірді. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін мал шаруашылығының менеджері, 2005 жылы Д.А.Қонаев ат. Университетін маман-заңгер мамандықтары бойынша оқып бітірді.