
Шайбаев Дәулет Әбілқадірұлы
«Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
Өмірбаян
Шайбаев Дәулет Әбілқадірұлы 1987 жылдың 28 сәуірінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүниеге келдім. 2004 жылы Ақдала орта мектепті бітіргем. 2008 жылы Алматы заң колледжін, 2013 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолы 2009 жылдың 20 ақпанында Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші қызметіне орналасып 2009 жылдың 01 қазанына дейін атқардым. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі №66 мекен жайда орналасқан.
2009 жылғы 01 қазаннан бастап Балқаш аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы қызметіне ауысу тәртібімен орналастым. 2010 жылдан бастап Балқаш аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың тамыз айына дейін Балқаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы және 2023 жылдың тамыз айынан бастап 2024 жылдың наурыз айына дейін Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы және 2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі таңға дейін Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.





