
Молдахан Абылайхан Бекзатұлы
Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Молдахан Абылайхан Бекзатұлы – 1998 жылы 5 ақпанда Алматы облысы, Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.
2015-2019 жылдар аралығында «Алматы» Университетінің Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығын оқып аяқтаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2022 жылдың 5 қаңтарынан 2022 жылдың 27 тамыз аралығында Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, 2023 жылдың 10 мамырынан 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келді. Балқаш ауданы әкімінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №38-ө ж/қ өкімімен Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





