
Кадир Асқар Кадирұлы
Балқаш ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Өмірбаян Кадір Асқар Кадірұлы – 1976 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтына түсіп, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің қаржы және несие мамандығын оқып аяқтаған.
Еңбек жолын 1997-2001 жылдар аралығында Алматы облысы Балқаш ауданының «Балқаш өңірі» газеті редакциясында бас есепші болып бастаған. 2001-2003 жылдары аралығында Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау комитеті басқарамасында жетекші маман - жетекші бақылаушы-ревизоры, 2003-2004 жылдары аралығында осы басқармада ұйымдастыру-методикалық жұмыс бөлімінің басшысы, 2004-2007 жылдары аралығында қаржы департаментінің Алматы қаласы Жетісу ауданының қаржы бөлімінің басшысы, 2007-2013 жылдары аралығында Алматы облысы Іле ауданының экономика және бюджет жоспарлау бөлімінің басшысы, 2014 жылы «ЖерҒӨО» РМК Алматы облыстық филиалында мемлекеттік сатып алу және коммерциялық бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары аралығында Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің жетекші маманы – мемлекеттік аудиторы, 2019-2022 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әкімшілік құқықтық бөлімінің басшысы, 2022 жылдан бастап 2025 жылдың 16 қаңтарына дейін Тексеру комиссиясының комиссия мүшесі лауазымында қызмет атқарып келді. Балқаш ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы №2-ө ж/қ өкімімен Балқаш ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


