
Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы
Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1999 жылы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік Талдықорған университетінің экономика және менеджмент мамандығын оқып бітірген.
Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы– 1978 жылы 23 маусымда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласында «Айналайын» балалар үйінде кассир болып қызмет атқарған.
2000-2001 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасында жетекші маман;
2002-2003 жылдары Алматы қаласында «Гофратора» ЖШС-де оператор көмекшісі;
2003-2005 жылдары Балқаш аудандық экономика бөлімінің бас маманы;
2005-2006 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының Балқаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы,
2006-2008 Алматы облыстық статистика басқармасының, Балқаш аудандық статистика бөлімінің бастығы,
2008-2009 Алматы облысының статистика департаметі, Балқаш аудандық статистика бөлімінің бастығы,
2009-2013 жылдары Алматы облысының статистика департаментінің Балқаш аудандық статистика басқармасының бастығы,
2013-2014 жылдары Алматы облысының статистика департаментінің Балқаш аудандық статистика басқармасының басшысы,
2014 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының статистика департаменті Балқаш ауданының статистика басқармасының басшысы,
2020 жылы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Балқаш ауданының Статистика басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Балқаш ауданы әкімінің 2024 жылғы 08 ақпандағы №3-ө ж/қ өкіміне сәйкес Балқаш ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


