Қарағандыда құрылыс компаниясы 200 мың теңгеден астам айыппұл арқалап, 100 көшет отырғызуға міндеттелді. Тұрғындардың әлеуметтік желідегі бейнеүндеуі полицияның жедел әрекет етуіне түрткі болды. Тексеру қорытындысы бойынша құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аумақты қалпына келтіруге міндеттелді. Қарағандыда тұрғындардың шағымынан кейін құрылыс компанияларының бірінің өкілі абаттандыру және жасыл желектерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оқиғаға тұрғын үй маңындағы жөндеу жұмыстары себеп болған. Тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстарға наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялаған. Азаматтардың өтінішіне Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ден қойып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында абаттандыру қағидалары мен жасыл желектерді күтіп ұстау талаптарының бұзылғаны анықталды. Нәтижесінде құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 217 060 теңге айыппұл салынды. Оның 86 500 теңгесі абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін, ал 130 560 теңгесі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау талаптарын сақтамағаны үшін белгіленді. Алайда бұл жолы жауапкершілік айыппұл төлеумен ғана шектелмеді. Құрылыс компаниясының өкілі анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға, бүлінген аумақты қалпына келтіруге және өз қаражаты есебінен 100 көшет отырғызуға міндеттеме алды. Сонымен қатар алынған тротуар тақталарының орнына қайта төселуі қамтамасыз етілуі тиіс. Серіктестік өкілі тұрғындарға келтірілген қолайсыздықтар үшін ресми түрде кешірім сұрады. Бұл жағдай қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымы мен полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде мәселенің назардан тыс қалмайтынын көрсетті. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп пен абаттандыру қағидаларының бұзылуына бейжай қарамай, мұндай фактілер туралы хабарлауға шақырады. Қаланың тазалығы мен жасыл желегін сақтау — баршаға ортақ міндет.
Қарағандыда құрылыс компаниясы 200 мың теңгеден астам айыппұл арқалап, 100 көшет отырғызуға міндеттелді
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ТЕАТР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді
Қармақшы ауданының әкімдігіАшу
Жас сарбазға құрмет көрсетілді
Қармақшы ауданының әкімдігіАшу
29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Нөмірін шешіп, көлігін жасырған: Қарағандыда айыппұлдан жалтармақ болған 19 жастағы жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Түнгі рейд: Қарағандыда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Жас сақшылардың жігері сынға түсті: Қарағандыда облыстық спартакиада өтті
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан нөмірінің астында — Грузия нөмірі: Қарағанды облысында жүргізуші қамауға алынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Жылытқышты қоса алып кеткен: Қарағандыда жалға алушы үй иесінің мүлкін иемденіп кеткен
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу