Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары, полковник Нұрлыбек Өзбекұлы Айжарықовты құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ол өмірінің 20 жылдан астам уақытын азаматтық қорғау органдарындағы қызметке арнады. Бұл – кәсіби білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар берік мінезді, табандылықты және өз ісіне адалдықты талап ететін абыройлы қызмет.Қызмет еткен жылдары Нұрлыбек Өзбекұлы өзін білікті маман, сөзі мен ісі бір жерден шығатын азамат ретінде таныта білді. Ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қоя білетіндігімен, шешім қабылдаудағы байыптылығымен, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарауымен және әріптестеріне деген құрметімен ерекшеленді.Оның әрбір қызметтік жылының артында күрделі шешімдер, үлкен жауапкершілік, тынымсыз еңбек және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы елеулі үлес жатыр.
Әріптестері құрметті еңбек демалысына шығарып салу барысында Департамент басшылығы мен жеке құрамы Нұрлыбек Өзбекұлына көп жылғы мінсіз қызметі, мамандығына деген адалдығы және жас қызметкерлерге үлгі боларлық өнегесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Нұрлыбек Өзбекұлына зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке, жан тыныштығын және өмірдің жарқын сәттерін тілейміз!
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








